Аяздың көтерілуіне байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, 27-32 градусқа дейін аяз болады, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде аяз 30-35 градусқа дейін, кей жерлерде 38 градусқа дейін көтеріледі. 31 желтоқсан-1 қаңтар аралығында Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін аяз болады. 1 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 35, 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 39 градусқа дейін төмендейді. 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 31-36 градусқа төмендейді, кей жерлерде 39 градус аяз болады.