Канело Головкинмен өтетін үшінші жекпе-жектің уақытын белгіледі
Канело Головкинмен өтетін үшінші жекпе-жектің уақытын белгіледі
5,121
оқылды
Екінші орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес қашан рингке шығатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Конело 27 ақпанда WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды. Ол Авни Йылдырыммен жұдырықтасады. Егер Альварес жекпе-жекте жарақат алмаса, ол мамырда рингке қайта шығуы мүмкін. Кездесу "Синко де Майо" мерекесіне орайластырады. BoxingNews24 шолушысы Дэн Эмброуздың айтуынша, мамырда Канело DAZN стриминг сервисімен Головкинмен 3-ші рет жұдырықтасу бойынша келісімге келген. Келісімнің 3 нұсқасы бар: Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізу, WBО чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жек немесе IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен қарсы кездесу өткізу. Головкин мен Канелоның алғашқы жекпе-жегі (2017 жылдың қыркүйегінде) тең нәтижемен аяқталған еді. Ал екінші кездесуде (2018 жылдың қыркүйегінде) мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.