Шавкат Рахмоновқа қазақ жігіттері көлік сыйлады
Шавкат Рахмоновқа қазақ жігіттері көлік сыйлады
268
оқылды
Қазақ жігіттері UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмоновқа автокөлік сыйлады. Желіде сол сәттің видеосы жарияланды. ⠀"Бұл қазақ жігіттерінің ниеті. Батырдың жаяу жүргені қазақ жігіттері үшін сын емес пе дедік. Сондықтан қазақ жігіттері атынан Шавкат бауырымызға тұлпар", – деді видеода актер Әділ Ахметов. ⠀Сондай-ақ видеодан әнші Сәкен Майғазиевті көруге болады. Қазақтың бір топ жігіті Рахмоновқа Toyota Camry 70 көлігін сыйлаған. https://youtu.be/QNJoBfh5Nd0 ⠀Еске салайық, қазан айында Шавкат Рахмонов UFC-де дебютін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны қылғындыру әдісімен жеңген болатын. Қазақстандық файтер ММА-де 13 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған.