Екібастұз өңірінде 13 мың адам – Nur Otan партиясына мүше. Сайлауға 43 үміткер қатысады. Оның 11-і – облыстық мәслихат депутаттығына үміткер. Бүгінде сайлау учаскесінің саны – 17.
Екібастұз қалалық сайлауалды штабының төрағасы Нияз Макраев бүгін сайлаушылармен тікелей эфирде жүздесті. Айтуынша, біздің қалада 51 мың отбасы тұрса, соның 1100-і – көпбалалы отбасы. Nur Otan партиясы қаланың дамуына 7 бағытта басымдық бермек. Оның ішінде:- Кезекте тұрған 3 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- 9,6 мың тұрғыны бар 21 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Соның ішінде 2 мыңдай адам мекен ететін 4 ауылға суды сүзгіден өткізетін ұңғыма (скважина) орнату;
- Ауылдық дәрігерлік амбулаториялар үшін 5 жедел жәрдем көлігін сатып алу (Солнечный кенті, Шідерті кенті; Төртүй ауылы, Ақкөл ауылы);
- Жедел медициналық көмек беретін автомобиль паркін жаңарту;
- Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу (2021 ж- №3 емхананы, 2024 жылы – №1 емхананы);
- 25 қала мектебінде күрделі жөндеу жүргізіп, жарықтандыру (жыл сайын 5 мектептен);
- Қоғамдық көмекшілер санын 1,5 адамға арттыру;
- Жергілікті полиция қызметін бейнетіркеуі, қызметтік көліктермен 100 % қамтамасыз ету.
Ақысы Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының қаржысынан төленді. Тапсырыс беруші: Нияз Құдайбергенұлы Макраев