Қатты аязға байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды
Қатты аязға байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды
413
оқылды
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың бес өңірінде ауа-райының күрт сууына байланысты ескерту жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысында 30 желтоқсанда күн қатты аяздап, сынап бағаны 27-32 градусқа дейін төмендейді, 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда түнде кей жерлерде аяз 30-35 градусқа дейін барады деп күтіледі. Ақмола, Павлодар облыстарында 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде, тіпті -38 градус аяз болады деп күтіледі. Қарағанды ​​облысында 31 желтоқсанда ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде -35 градус, ал 1 қаңтарда кей жерлерде -39 градус аяз болады деп болжанады. Шығыс Қазақстан облысында 1 қаңтарда ауа температурасы 31-36 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде -39 аяз болады деп күтіледі.