Бердібек Сапарбаевтың екпе салдырғанына қатысты медбике ақиқатты айтты
Бердібек Сапарбаевтың екпе салдырғанына қатысты медбике ақиқатты айтты
186
оқылды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Әкімнің вакцина салдырғанын әлеуметтік желіде «шенеунік көзбояушылық жасады» деп жарыса жазды. Оған вакцина салған медбике өз уәжін айтты.

Медбике Динара Қасымбекова: «Салған – мен. Өзім алып, қасымда адамдар болды. Расымен егілді. Осы екі грамдық шприц қолдандық. Сіздерге ашып көрсетейін. Екі грамдық, басы қара, иненің басы көк. Қақпағы ақ, егілген кезде мына екеуі көрінеді», – деді.

Осылайша, Динара Қасымбекова «әкім де, мен де ешкімді алдамадық» деп ант-су ішті. Медбике Бердібек Сапарбаевқа екпе салатынымды «алдын ала білмедім» дейді.  width= Өңірде QazCovid-in вакцинасының коронавирусқа қарсы үшінші клиникалық сынағы басталған еді. Отандық препаратты әзірге еріктілер қабылдап жатыр. Екпені облыс әкімі де салғызып, оның суреті әлеуметтік желіде тараған болатын. Оның соңы шуға ұласты. Фотодан белсенділер иненің қақпағы ашылмағанын аңғарған. Тіпті шприцте вакцина бар екеніне күмәнданған.

Бұған дейін біз Джо Байденнің елдің көзінше коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.