Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Әкімнің вакцина салдырғанын әлеуметтік желіде «шенеунік көзбояушылық жасады» деп жарыса жазды. Оған вакцина салған медбике өз уәжін айтты.Осылайша, Динара Қасымбекова «әкім де, мен де ешкімді алдамадық» деп ант-су ішті. Медбике Бердібек Сапарбаевқа екпе салатынымды «алдын ала білмедім» дейді.Медбике Динара Қасымбекова: «Салған – мен. Өзім алып, қасымда адамдар болды. Расымен егілді. Осы екі грамдық шприц қолдандық. Сіздерге ашып көрсетейін. Екі грамдық, басы қара, иненің басы көк. Қақпағы ақ, егілген кезде мына екеуі көрінеді», – деді.
Бұған дейін біз Джо Байденнің елдің көзінше коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.