Шығысқазақстандық оқушы әлемдегі ең сұлу қыз атанды
Шығысқазақстандық оқушы әлемдегі ең сұлу қыз атанды

Енді Шүлбі ауылының кішкентай тұрғыны «Бүкіләлем мисі» атауына таласпақ.

Ясмин Қамбышева Шығыс Қазақстанның Шүлбі ауылындағы мектептің бесінші сыныбында оқиды. Ол Мәскеуде өткен Miss World Beauty сұлулық конкурсында жеңіс тұғырынан көрінді. 

Семейліктер кішкентай ханшайым мен оның ұстазы Айна Тоғысованы әуежайдан зор салтанатпен күтіп алды. Ясмин Камбышева бұған дейін де бірнеше сұлулық байқауын жеңіп алған болатын. 

Қазылар алқасы қазақ қызының сөйлеу мәнері мен мінсіз қозғалысына тәнті болыпты.