Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Өмір парқын бағалатқан пандемия

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 30, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
пандемия
635
қаралым

2020 жыл – бұрын ешқашан болмаған бетбұрысымен адамзат тарихында дара­ланып қалмақ. Әрине, әңгіме пан­демия жайында. Рас, бұ­рын оба, қорасан-шешек, тырысқақ-холера, «испанка» тұмауы секілді алапат эпи­демиялардың жаһанға тұтас жайылған кездері болды. Алайда әлемдік деңгейде пандемия жариялануы, бар­лық мемлекеттің шека­ра­ларын тарс жабуы, халық­аралық туризмге, жолау­шы­лар тасымалына тосқауыл қоюы, індетпен дүниежүзілік деңгейде күресуі – тарихта тұңғыш рет болып отыр.

Сарапшылар Қазақстан бұл сыннан лайықты өтіп келе жат­қанына сенімді. Бір мысал, коро­навирус инфекциясына шалдыққан адамдардың егжей-тегжейлі сана­ғын, жаһандық статистикасын жүр­гізетін АҚШ-тың Джонс Хоп­кинс университетінің дерегіне қа­рағанда, коронавирус жұқтырған аза­мат­тардың саны жөнінен Қа­зақстан қазір 57-орында тұр.

Дегенмен медицинада кез кел­ген індеттің қауіп-қатері әр мил­лион адамға шаққанда вирус жұқ­тыр­ғандардың үлесімен сал­мақталатыны мәлім. Бұл ретте Қазақстанда 1 мил­лион адамға шаққанда COVID-19 сырқатының саны 8,1 мың адамнан келеді. Джонс Хопкинс универ­ситетінің мәліметіне сенсек, осы көрсеткіш жөнінен Қазақстан тізімге кірген 220 ел ішінде 106-орынға орналасты. Бірде-бір ірі державаның көрсеткіші бізден жақсы емес.

Қорқынышты болжам ақиқатқа айналмады

«Мәдени мұра» – тарихымызды жаңғыртқан жоба

Алтын Орда тарихынан сыр шертетін киножоба

ДДСҰ коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

Әрине, бұл жерде 153 мыңдай қазақстандықтың осы дертке душар болғаны, 2,2 мыңнан астам аза­маттың қайтыс болғаны көңілді жа­бырқатады, қабырғаға батады. Бірнеше ғасыр бойы басы өспеген қазақ үшін дүниеден озған әр отан­дасымыздың орны бөлек.

Сонымен бірге сарапшылар айт­қан ең қорқынышты сце­нарийдің жүзеге аспағаны жұбатады. Ол қан­дай сценарий?

Ол жайында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биылғы 16 қазанда Президент жанындағы Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің мүше­лерімен онлайн кездесу ке­зінде ай­тып берген болатын. Соның ал­дында, тамызда ми­нистрлік коро­навирусқа шалдық­қандар санын болжап, тиісті дайындық шара­ларын әзірлейтін арнайы жұмыс тобын құрды. Халықаралық ма­мандар тар­тылған сол топ эпид­жағдайдың түрлі нұсқасын түзді. Жұмыс тобы бол­жағандай, ең оптимистік сце­нарий бойынша 2020 жыл соңына дейін ауруха­наларда тәу­лігіне 10 мың адам емделуге жат­қызылады. Реа­листік сценарий бойынша 2021 жылғы қаңтарда Қазақстанда толық локдаун енгізілуі мүмкін: өйткені тәулігіне 30 мың науқас ауруханаға жеткізіледі. Ал пессимистік сце­нарийге сай, 2020 жылғы желтоқ­саннан бастап тәу­лігіне 65 мың науқас емделуге мұқ­таж болады. Он­да елде ең қатаң карантин ен­гізілуі ықтимал.

– Бұл сценарийдің орындалу-орындалмауы, сондай-ақ шектеу іс-ша­раларының ауқымы адамдар­дың әлеуметтік арақашықтық пен бетперде режимін сақтауына тікелей байланысты болады. Осы талап­тарды толық орындаған жағдайда қатаң карантиннің қажеті бол­майды, – деді министр А.Цой.

ДСМ хабарлауынша, 29 жел­тоқсанда Қазақстанда жалпы саны 22 322 адам коронавирус инфек­циясынан (10 248-і –КВИ+ және 12 074-і – КВИ-, яғни  пнев­мониядан) емделуде. Солардың ішінде 5 104 нау­қас стационар-ауруханаларда жатыр. Қалған 17 218 науқас амбу­латориялық деңгейде, үйлерінде ем қабылдауда. Кешегі бір тәулікте 739 жаңа сырқат тіркелді.

«КВИ+, КВИ- шалдыққан ара­сында 252 адамның жағдайы ауыр. 49 науқастың жағдайы өте ауыр, 44-і өкпені жасанды желдету аппара­тын­да жатыр», – деді Ден­саулық сақтау ведомствосы.

«Жаудың» бетін жауапкершілік қайтарады

Жаһандық пандемияны қазақ елінің абыроймен еңсеріп келе жат­қанын ДДСҰ сарапшылары атап өтіп, жоғары баға берді. Бірақ бұл мемлекетімізге оңай болмады. Бас­тапқыда болашақ мүлдем бұлыңғыр, ел тағдыры тұманды болып көрінді. Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет 16 наурызда бүкіл республиканы тұтас қамтыған төтенше жағдай жа­риялады. Ол 11 мамырға дейін со­зыл­­ды. Азаматтарға өмірлік қа­жет­тіліксіз көшеге шығуға тыйым са­­лынды. Қалалар блок-бекеттермен жа­­былды. Оны орман, өзен-көл, ашық дала арқылы айналып өт­пекші болғандар ұсталып, әкімшілік айып­пұлмен жазаланды, кейбірі бірнеше тәулікке тұтқындалды. Елде дүкен мен дәріханадан басқасы жұмысын тоқтатты. Шекаралар тарс бекітіліп, азаматтардың сыртқа шығуына, шетел­діктердің елге кіруіне шектеу қойылды.

Әлеуметтік желілерде аузы-мұр­нынан шыға, лық толған ау­ру­ха­налардың жедел жәрдем әкел­ген сырқаттарды қабылдамай қойғаны, сырқаттардың бөл­мелерге сыймай, дәліздерде жат­қаны, тіпті жүздеген көрдің алдын ала қазылып жатқаны бейнеленген үрейлі видеороликтер тарады. Оның бәрі бірдей фейк емес, өмір шындығы болатын.

Қазақстандықтардың қайғы­сына құлақ қойған ел Президенті өз ше­шімімен 13 шілдені ко­рона­вирус инфекциясынан қайтыс бол­ған азаматтарды еске алу – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Сол тұста Қазақстанда COVID-19 дертіне шалдыққандар саны 59 899 адамға, опат болғандар саны 375 адамға жеткен еді. Жалпыұлттық аза тұту күні уайым-қайғыға бе­ріліп, жүн­жуге емес, керісінше пандемиямен күресте билік пен халықтың бірі­гуіне, ортақ мақсатқа жұмылуына септескендей. Осыдан кейін аза­маттар әлеуметтік ал­шақ­тықты сақ­таудың, үнемі қол жу­удың, бет­перде киюдің азап та, мазақ та емес, өмір мен ден­сау­лық­ты қорғау үшін қажет екенін түсінді.

Қазақстандықтардың көпші­лігінің жауапкершілік танытуы; өзгенің өмірі үшін соңғы сәтке дейін алысқан дәрігерлеріміздің жан­қиярлық ерлігі; Елбасының тап­сырмасымен аз қамтылған отба­сыларға, қарияларға көмек, азық-түлік, қорғаныш заттарын жеткізген волонтерлердің сүбелі үлесі арқа­сында індеттің беті қайтты. Бүгінде КВИ сырқаттарды жатқызуға жұ­мыл­дырылған барлық қонақүйлер мен басқа да ғимараттар босатылды. Өзге ауруханалар да коронавирусқа бейімделуден құтылып, бейінді ау­рулардан емдеу қызметіне оралды. Біраз өңірде провизорлық стацио­нарлар жабылып, дәрігерлер мен медбике-санитарлар бұрынғы қыз­мет орындарына таратып жі­берілді. COVID-19 инфек­ция­сынан емдеу инфекциялық, фтизиопуль­моно­логиялық ауруханаларда жүргізілді.

Елге баса-көктей енген қауіп-қатермен алғашқы болып бетпе-бет келген, әлі бітіп құлағанша арпа­лысқан ақ халатты абзал жандардың 13 мыңнан астамы осы вирусқа ду­шар болды. Соның ішінде 182 дәрі­гер мен медицина қызметкері КВИ-мен соңғы демі қалғанша күресіп, өмірден озды. Біздің есі­мізде олар нағыз батыр болып мәңгі қалады.

Дәрігерлік борышын әрі қарай атқарып жатқан әріптестері пан­демияны түпкілікті тоқтату үшін тәулік бойғы жұмысын жал­ғас­тыруда.

Түнектен күнгейге бетбұрыс

Бұл індетке тосқауыл қою үшін батыл, тегеурінді, қалыптан тыс шара қажет еді. Ел басшылығының қолынан ол келді. Әйтпесе, ка­рантин кесірінен Қазақстанның эконо­микасы қатты құлдырап, кәсіп­орындар дағдарып, ел жұтауы ық­тимал еді. Коронавируспен күреске, экономика мен бизнесті қолдауға жалпы ауқымы 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Birgemiz жалпыұлттық бастамасы қысқа мерзімде көптеген қайы­рымды жанды біріктірді: олар мұқтаж жандарды қорғауға алды, соның арқасында халық аштан өлмеді, көштен қалмады.

Кәсіпкерлер де күреске жұмыл­дырылды. Бетперде, антисептик және басқа қорғаныш заттарын, ӨЖЖ аппараттарын өз елімізде шығаратын кәсіпорындар шұғыл ашылды. Сәуірде ПТР әдісімен тестілеу басталғанда елде тек жалпы қуаты 6 000 тестті құрайтын 19 зерт­хана болыпты. Қазір КВИ диагнос­тикалайтын 132 жеке зертхана тәулігіне 100 мыңға дейін зерттеу жасайды.

2020 жылдың күзіне қарай то­рығу түнегінің түндігі түрілгендей болды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, Қазақстанның ЖІӨ-і қаңтар-қараша айларында 2,8%-ға ғана төмендеді.

«Бұл ретте экономиканың ұс­ты­ны – тауар өндіретін нақты секторлар 2%-ға өсті. Нәтижесінде, 2020 жылдың қарашасының қоры­тын­дысында Қазақстан эконо­мика­сының динамикасы алдыңғы ай­ларға қарағанда жоғары болды. Эко­­­номиканың жақсаруына ықпал еткен негізгі факторлар – өндіруші емес секторларға инвестициялардың құйылуы, экономиканың несие­лендірілуі, нақты сектордың өсуі, қызмет көрсету салаларының жан­дануы, сондай-ақ мемлекеттің эко­но­миканы қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруы бол­ды», – деді бас экономист. Оның пайым­дауынша, экономика қал­пына келуде.

Әйткенмен, жеңісті тойлауға әлі ерте. Әлемде коронавирустың ана­ғұрлым қауіпті жаңа штамы – «британдық індет» тарауда. Оның үстіне, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың мәліметінше, КВИ-ге қатысты жа­һандық жағдай қолайсыз болып тұр. Әлемнің 218 елінде 81,7 мил­лион­нан астам адамда КВИ тір­келді, соның ішінде 1 млн 783 мыңнан аса адам қайтыс болды, бұл 2,2%-ды құрайды.

«Қазақстанда сауыққандар үлесі 87%-ға жетті. Ал маусым-шілдеде бұл көрсеткіш 60%-дан аспайтын. Дегенмен елімізде эпидемио­ло­гиялық жағдай әзірге тұрақсыз. Рес­пуб­­­ликамыз қаупі төмен «жа­сыл» аймақтан – орташа қауіпті «сары» аймаққа ауысты. Жоғары қауіпті «қызыл» аймақта Атырау, Қостанай облыстары қалды. Тағы 5 өңір: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Ақмола, СҚО және Пав­лодар об­лыстары – «сары» ай­мақ­та», – деді ол.

Елімізде КВИ-мен ауыратын науқастарға медкөмек көрсету үшін 51 126 төсек-орын дайындалған. Олардағы төсек-орынның 29%-ында, реанимациялық төсек-орын­ның 19%-ында науқастар жатыр. Әкімдіктер өңірде карантин шара­ларының сақталуын бақылауда. Ка­рантин режимін бұзушылар – жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер ұс­талып, жазалануда.

Егер алдағы жаңажылдық кани­кулда қазақстандықтар талап пен тәртіпті сақтаса, онда пандемиямен күрестің жетістіктері одан әрі кө­бейіп, бақуатты болашақтың жарқын күндері жақындай түсері даусыз.

АйханАйхан ШӘРІП

 
Тегтер: Обапандемиятарихтұмаушешекэпидемия
Алдыңғы жаңалық

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Келесі жаңалық

Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» түрмесіне жаңа басшы тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

волейбол
Жаңалықтар

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем
Жаңалықтар

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
Ұзыншұлық Пиппи
Мәдениет

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 2021
зауыт
Жаңалықтар

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 00:07

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 23:42

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 23:21

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 23:18

Дәрігер-диетолог сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Ақпан 25, 23:01

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден басталады

Ақпан 25, 22:32

Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Ақпан 25, 22:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

волейбол

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»