Әскерге шақырылған жігіттің терезеден секіріп кеткеніне қатысты министрлік өкілдері пікір білдірді
Әскерге шақырылған жігіттің терезеден секіріп кеткеніне қатысты министрлік өкілдері пікір білдірді

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскерге шақырылған Виктор Кибко 2001 жылы туған.

«Оның әскери қызметке шақыртылудан босатылуына заңды негіз жоқ. Ол 2020 жылдың 30 қазаны мен 8 желтоқсаны аралығында бірнеше рет шақыртуға келмеген. Сондықтан полиция қызметкерлері БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиналу пунктіне жеткізген. Ол сол жерде терезені ашып, 3-қабаттан 2-қабат секірген. Одан әрі қарай жерге түскенде жарақат алды. Ауруханаға жеткізілді» делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, Виктор Кибко Отан алдындағы борышын өтеуден қашқан. БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оқиғаға қатысты материалдар Батыс аймақтық ІІМ Әскери-тергеу басқармасының Орал тобына жіберілді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, Виктор Кибко департамент қызметкерлерінен физикалық және моральдық зардап шекпеген.

29 желтоқсанда Оралда әскерге шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кетті. Жігіттің жұлыны зақымданған. Екі аяғының табан сүйегі сынған.