Жәнібек Әлімханұлының соққысы «Жыл нокауты» болып тіркелді – видео
Жәнібек Әлімханұлының соққысы «Жыл нокауты» болып тіркелді – видео
171
оқылды

Top Rank Twitter-де жылдың ең үздік нокауттарын жариялады, – деп жазады sports.kz.

Биыл қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңді. Жекпе-жек он раундқа есептелгенімен, екінші кезеңде бітті. Жәнібектің дәл тиген ауыр соққысынан кейін Гонсало Кория орнынан тұра алмай қалды. Мұның алдында аргентиналық боксшы бірінші раундта нокдаунға түскен еді.   https://youtu.be/TPWt0BiNNwc

Осылайша, 27 жастағы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғап қалды.