Үздік ұстаз байқауы
Үздік ұстаз байқауы

«Жастар» педагогикалық тобының туған күнінде «Үздік ұйымдастырушы-ұстаз – 2019» байқауының қорытынды кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Бір айға созылған сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1-кезең – «Жетістік жинағы» ұйымдастырушы-ұстаз портфолиосы, 2-кезең – «Менің құнды идеям» авторлық (педагогикалық) бағдарлама және қорытынды шығармашылық кезеңі. Қорытынды кезеңге қонақтар, әділқазы алқалары мен барша балдәурендік қатысты.

Барлық ұйымдастырушы-ұстаз өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз ісінің шеберлері екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алайда сайыстың аты сайыс, сайыстың қорытындысы бойынша номинациялар беріліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

«Жас маман» номинациясы мен бағалы сыйлық Сүлеймен Олжасқа бұйырды, көрермендердің көп дауысын жинап, «Көрермендер көзайымы» номинациясы және 20 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа Нургазина Сақыпжамал ие болды, «Шебер қол» номинациясы және бағалы сыйлық Әбдіқадыр Айдосқа ұсынылды. «Зияткер» номинациясын және 15 000 теңге көлеміндегі сыйақы Сырымбет Бағланға бұйырды, «Креативті маман» номинациясына Мереке Жанкелді ие болды. «Шығармашыл» номинациясымен Адильханова Динара марапатталды.

Жүлделі орындар мен бас жүлде кімге бұйырды екен? III орын және 20 000 теңге көлеміндегі сыйақыға Жанғожина Құндыз ие болды, II орын және 30 000 теңге көлеміндегі сыйақы Сламғали Аяулымға бұйырды, І орын және 50 000 теңге көлеміндегі сыйақыға Бақытнұр Думан ие болса, бас жүлде, алтын жалатылған төсбелгі, мүсін және 100 000 теңге көлеміндегі сыйақы Ерполат Нұрперзентке бұйырды.