Өзбекстаннан келген азамат пәтер иесін пышақпен қорқытқан
Өзбекстаннан келген азамат пәтер иесін пышақпен қорқытқан
76
оқылды

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті хабарлады.

Ол пәтердің иесін пышақпен қорқытқан. Ұсталған күдіктіге қатысты тергеу басталды. Ол полицейлерге де бағынбаған.

«Великолукская көшесіндегі үйде тұратын тұрғын қоңырау шалып, пәтерін жалдап тұратын адам пышақпен қорқытқанын хабарлады», – дейді полицейлер.

Оқиға орнына бірінші болып «Гранит-8» патрульдік полиция экипажы келді. Күдікті полицейлерді үйдің қақпасынан кіргізбей, пышақ ала жүгірген. Полицейлер күдіктіні тұтқындады.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзып, Алматыда тұрып жатқан 48 жастағы Өзбекстан азаматы екені анықталды.