Астанада гараж өртеніп, көліктер жанып кетті
Астанада гараж өртеніп, көліктер жанып кетті

Төтенше жағдайлар департаментінің 60 өрт сөндірушісі жеке гараждағы өртті сөндірді.

«30 желтоқсан күні сағат 10:42-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері Челлюскинцев, 73 мекенжайындағы өртті сөндірдуге барды. Сағат 10:50-де оқиға орнына келгенде екі қабатты жеке үй маңына салынған гараждың өртенгені анықталды. Аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын гараж ішінде автокөліктер болған», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

гараж, өрт, астана

Өрт орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамдағы 60 адам және 13 техника жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.