Аягөздегі 4 бала қайтыс болған орталық Өскеменге көшіріле ме?
Аягөздегі 4 бала қайтыс болған орталық Өскеменге көшіріле ме?

Орталықтың мәселесі Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланды.

«Аягөз қаласында орналасқан Балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығын Өскеменге көшіру мәселесі бірнеше рет талқыланды. Орталықты көшіруді қолдамаймыз. Біріншіден, балалар туғаннан сол жерде өсіп келеді. Орталықтағы бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан мамандардан қол үзсе, балалар психологиялық соққы алуы мүмкін. Өскеменде сол мекемені орналастыратын ғимарат жоқ. Облыс орталығының экологиялық ахуалы балалардың денсаулығына қауіп төндіруі де мүмкін», – деді ШҚО әкімінің орынбасары Мархабат Әлішер.

Бұған дейін "Аягөздегі 4 баланың өліміне кім кінәлі?" деп жазған болатынбыз.