Ұлы елдің ұландары
Ұлы елдің ұландары

Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Ұланымыз ұлы елдің!» деген атаумен өз мектептерінде көшбасшылық қабілетімен көзге түскен балалар жиналды. Демалысын өткізген 300 бала «ең үздік» деген балалар мақтау қағазы мен алғысхатпен марапатталған.

Осы ауысыммен тура келген «Жастар» педагогикалық тобының 17 жылдық туған күніне орай «Көш бастаған ұландармыз!» атты балдәурендік әндер байқауы өтті. Сонымен қатар «Балдәуренде» бұрын демалып, белсенділігімен көзге түсіп, 3 жылдың көлемінде жұмыс жасап жатқан Қазақстандық жас патриоттар академиясына қабылданған балалармен кездесу болды. 

Сөйтіп, орталықта демалып жатқан ұл-қыздармен көптеген қызықты естелікпен бөлісті. Дәстүрлі іс-шарада ауысымға жиналған балалардың арасындағы 20 күндікте туған күні аталатын демалушыларды Алматы қаласындағы «Funky town» ойын-сауық паркіне саяхатқа апарып, үлкен сыйлық жасалды.

Көшбасшылар жиналған ауысым тақырыбына сай 3 кезеңнен тұратын Leader start атты көшбасшылар байқауы өткізілді. Тұңғыш президент күніне орай балалар "Атамекен" тарихи мәдени орталығына саяхатқа барды. 

Айғаным Байтасова,

Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының әдіскері