Ақтөбе облысында 20 жастағы әйел "жатыр түтіктерін үрлеу" рәсімі кезінде көз жұмды, - деп жазады "Диапазон".
Жекеменшік медициналық орталықтың акушер-гинекологы сотталып жатыр. Оған кәсіптік міндеттерін дұрыс орындамаған деген айып тағылған.Тағылған айыпта өткен жылдың қазан айында 20 жастағы әйел жатыр түтіктерін үрлеу рәсіміне келгені айтылған. Рәсім алдында келіншекке "Метронидазол" деген дәрі екен. Ол өзін жайсыз сезініп, есінен танып, кейін жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем мамандары оның жүрегіне массаж жасап, өкпесіне жасанды желдету аппаратын қосқанмен, пациент қайтыс болған.
Тергеу барысында әйелдің өлімі дәрінің әсерінен туындаған анафилактикалық шоктан болғаны белгілі болды. Екпес бұрын келіншекте аллергиялық реакция бар-жоғы және басқа төзімсіздіктер тексерілуі тиіс болатын.
"Мен әйелімді дәлізде тосып тұрдым, оның қайтыс болғанын маған бірден айтқан жоқ. Оған жедел жәрдем келген соң ғана кіргізді", - деп есіне алады күйеуі.Сотталушы кінәсін мойындамай отыр.