Nur Otan мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға күш салады
Nur Otan мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға күш салады
173
оқылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Бейсқали Толқын Ермекқызы Исатай ауданында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында аудан жұртшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ бағдарлама қамтитын негізгі бағыттар, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелері қозғалды. Nur Otan Сонымен қатар Исатай ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары әрі қарай жалғасын табатынын айтты. Оның ішінде жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың онлайн-режимде өз бетінше техникалық оңалту құралдарды, әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін Бірыңғай Әлеуметтік қызмет порталын 2021 жылы іске қосу, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ауданда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын құру жоспарланып отырғаны айтылды. Сөзін аяқтай келе үміткер еліміздегі беделді партия – Nur Оtan партиясын қолдауға шақырды.

Атырау облысының Nur Otan партиясының Исатай аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді