Түркістан қаласында Nur Otan партиясына жаңа тұлғаларды қабылдау жиыны өтті. Мереке қарсаңындағы іс-шарада Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Өздеріңіз білетіндей, Nur Otan партиясы қоғаммен байланыс орнату, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда жүйелі жұмыс атқарып келеді. Партия еліміздегі түрлі қиындықтарда, пандемия кезінде елдің қасынан табыла білді. Кейбір адамдар Nur Otan-ды шенділердің партиясы деп ойлайды. Ол – қате тұжырым. Біздің партиямыз кәсіпкерлер, ұстаздар, дәрігерлер, спортшылар, жалпы қарапайым еңбек адамдарынан құралған. Бүгін де қатарымызға бір топ азамат қабылданып отыр. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Ел мүддесі жолында қызмет ете берейік. Алдағы сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді Б.Дәулетұлы.Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі. Материал Nur Otan партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.