8 облыста ескерту жарияланды

8 облыста ескерту жарияланды

Сегіз облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  "Қазгидромет" РМК. 31 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе қаласында ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 31 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оралда 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 31 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз 2 қаңтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Таразда 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында кей уақытта тұман түсуі мүмкін. 2 қаңтарда Алматы облысында ауа температурасы күрт төмендейді, 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін аяз болады. 2-3 қаңтарда түнде Қарағанды облысында минус 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз болады. 2-3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз болады.