Блогердің сөзі бизнесменнің жолын кесті
Блогердің сөзі бизнесменнің жолын кесті
142
оқылды

Жуырда экс-депутат, блогер Нұрлан Жазыл­бе­ков Денсаулық сақтау ми­нистрлігі өткізген тен­дер­дің қорытындысына на­разылығын білдірді. Оның айтуынша, «СҚ-Фарма­ция» ЖШС тым қымбат бағаға құрал-жабдық са­тып алған.

«Онкологиямен күрес мем­бағдарламасы аясында цито­ста­тиктерді – химиятерапияға ар­налған ісікке қарсы аса маңызды препараттарды еріту үшін тұтас кабинет сатып алу жоспарланып отыр. Құны бір бірлігі үшін 91 миллион теңге болмақ. Қазақ­станның 12 өңірі үшін 12 кабинет сатып алады. 12 кабинеттің жал­пы сомасы – миллиард теңгеден астам!» – дей келе, ол Facebook-тегі парақшасында тендер же­ңім­пазын «өз аппараты қойылған талапқа толығымен сәйкес ке­леді деп жалған мәлімет берді» деп айыптады.  

Кейін ақпарат агенттіктері­­нің біріне берген сұхбатында Н.Жазылбеков бұл деректі тен­дерге қатысқан басқа компа­ниядан алғанын хабарлады.

Тендер бір айдай бұрын өт­кен. Нәтижесінде Qazna Limited ком­паниясы жеңіске жетеді. Алайда ғаламтордағы дүрлігіс кәсіпкердің аяғына тұсау бо­лып­ты. Осыдан кейін Qazna Limited басшысы Алан Құмар Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің төрағасы Алик Шпек­­баевқа шағымданды. Ол Ден­саулық сақтау министрлігі дауды өз пайдасына шешіп берер деп сенген екен. Алайда ведом­ство­ның проблемалы тендер нә­тижесін жоя салғанына наразы.

Негізі «СҚ-Фармация» би­ыл­ғы 18 қазанда онкологиялық препараттарды дайындауға ар­налған аппараттарды сатып алу бойынша тендер өткізеді. Бұл ретте аппараттың өзіне, оның бағдарламалық қамтылымына қатысты да үміткерлерге талап қойған. Бұдан бөлек, хим­пре­па­раттар процедурасының қауіп­сіз­дігі, соның ішінде орынжайды фильтрациялау, қалдықтар жү­йесі және кабинетті даярлау бо­йынша талаптар белгіленеді.

А.Құмардың айтуынша, Qazna Limited Қазақстанда тіркел­­­ген неміс аппаратын ұсынады. Оның бәсекелесі «Тарлан-ИНТ» «Онкосем Монолитик» атты тү­рік аппаратын бәйгеге қосады. Нәтижесінде тендерлік комис­сия таңдауы неміс аппаратына түскен.

«Мерзімнің тығыз екенін және белгіленген 20 күн ішінде жеткізу керегін ескере отырып, зауытқа бірден 12 аппарат жа­сауға тапсырыс жолдадық. Алай­да «СҚ-Фармация» өңірлерге біздің компаниямен келісім бе­кітуді тоқтатуды талап еткен хат бағыт­тапты. Оның себебін анық­тай бастадық. Сөйтсек, Денсау­лық сақтау министрлігіне Тар­лан-ИНТ-тен шағым түсіпті», – деген Qazna Limited бас дирек­то­ры Алан Құмар әу баста бұл ша­ғымнан секем алмағанын айтады.

Бірақ министрлік заң тала­бына сәйкес, қарсыластан ша­ғым түсуіне орай жеңген жеткізу­шімен келісімшарт бекітуді тоқтатқан.

Алан Сәрсенбайұлы бло­гер­дің әлеуметтік желідегі постын­да көр­сетілген миллиардтық со­ма­ның қайдан шыққанын түсіндіреді:

«Ол тендер талабы бойынша тек аппарат қана емес, сонымен қатар қалдықтарды жоюдың автоматты жүйесі, ауа сүзгісі бар ламинарлық шкаф та сатып алынғанын білмейді. Білсе, жа­сырады. Сондай-ақ біз онко­ло­гиялық дәрі-дәрмектер ара­лас­тырылатын кабинетке жөн­деу жүргізуге міндетті болдық. Ең бастысы, әрбір онкоорта­лықтың талабына сай бағдар­ламалық қамтылымды толығы­мен өзгер­туге тиіс едік», – дейді кәсіпкер.

Бүгінде денсаулық сақтау саласына жауапты меморган тендер қорытындысының күшін жою туралы шешім қабылдаған.

Ал коррупцияға қарсы агент­тік басшысы Алик Шпекбаев осы компания басшысының шағымы мемлекеттік сатып алу саласында бақылау функциясын жүзеге асыратын меморганға – Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жолданғанын мәлім етті.

Әділдіктің қай жақта екенін сот не құзырлы органдар шешер.

Бірақ аппараттардың дер ке­зінде сатып алынбауы кесі­рінен, Қазақстанда дәрігерлер цитос­та­тикті қолмен аралас­­тыруға мәж­бүр. Бұл өлшем-до­за­лар­дың дәл­дігіне ықпал ете­ді және химия­терапияны адами фак­торға тә­уелді ететін кө­рінеді.