Жылы аялдама жыры
Жылы аялдама жыры
312
оқылды

Жылы аялдамалар қысы қатты өңірлерге керек-ақ. Соңғы жылдары елордамызда жылы да жайлы аялдамалар ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Бұл аялда­маларды ұстап тұрудың шығыны аз емес. Ол үшін бюджеттен қаржы жұмсайтынымыз белгілі. Осы шығынның орнын толтырудың тетіктерін қазірден ойластырған жөн бе дейміз. Мәселен, қыста суықтан қорғар, жазғы ыстықта пана болар аялдамалардың бір бұрышын жалға беру арқылы табыс тапсақ ше? Бұл амал кісі аяғы басыл­ғанда аялдамаларды қиратып кетушілерден де сақтар еді.

Ресейде кәсібін дөңге­лет­кен­дер жылы аялдамадан пайда табады. Мысалы, күту залының іш­кі жағында үш қатарлы орын­дық­тар, кофе мен снек-авто­маттары қойылған. Бұдан бөлек, мүгедектер үшін арнайы тегін әжетхана да жасалған. Ресей ас­танасында осы тектес 28 аял­да­ма бар көрінеді. Жалпы, әлем­де мұндай аялдамалар салу жағынан Ресейдің алдына түсетін ел жоқ. Бұл елдің теріскейіндегі ірі қа­лалардың барлығында осын­дай жабық жылы аялдамалар бар. Жылы павильондардың негізгі екі түрі салынуда. Бірін­ші­сінің алдыңғы жағы ашық ке­леді де, табаны мен төбесінен жылу ұрып тұрады. Екіншісі, тү­гел қым­тау­лы, яғни жан-жағы­нан жабылған шыны қабырғалы бо­лады.

Ал суықта тоңбасын деген ой­мен Хельсинки, Стокгольм, Осло, Рейкьявик сияқты қала­лар­да аялдамалардағы орын­дық­тың өзі жылытылады екен. Айта кету керек, жылы аял­да­малар ашық және жабық зал­дардан және сауда үшін бөлінген сек­тор­дан тұрады. Ашық залдан ав­тобус бағыттары кестелері мен көліктің тоқтағанын көріп тұруға болады.

Қазақстанда жылы аялдама­лар салына бастағанына көп уақыт болған жоқ. Алға жылжу барын да айта кету керек. «Ас­танада жылы аялдамалар саны көбейе түседі» деп қала әкімі Ал­тай Көлгінов Instagram парақ­ша­сында жазды. Бұл енді қысы қат­ты өңірге керек жаңалық. Со­нымен бірге ол: «Қаладағы жы­лы аялдамалардың бірқата­рына бардым. Жылуы жоқ аял­дамалар анықталды. Соның бі­рі – Республика даңғы­лымен қиылысатын Сейфуллин кө­шесіндегі «Жастар сарайы» аял­дамасы. Қала бойынша осын­дай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды» деп жазды. Сондай-ақ жылуы істемей тұрған аялдамалардың нақты орналасқан жерін айтуды халықтан сұрады.

Әкім аралағаннан кейін ­аял­дамаларда жылу пайда бол­­ды. Бізде жауапкершілік солай тексеріс жүргенде ға­на еске түседі.


«Қанша миллионды желге ұшырып, мұндай аялдама неге сал­ды, сол керек пе еді?» деп дау­рық­қан тұрғындар қазір сол жы­лы павильондардың қызығын кө­ріп жатыр. Жақсы емес пе?!

Нұр-Сұлтан қалалық әкім­дігінің Жол қозғалысы қауіп­сіздігі және көлік инфрақұры­лымы бөлімінің басшысы Руслан Әбдуалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда жылы павильондардың 76-сы – қаланың оң жағалауында, 27-сі сол жағалауда орналасқан. «Басқарма арқылы 2015 жылы – 27, 2018 жылы – 57 аялдама, сон­­дай-ақ қаланың аудан әкім­дік­­тері арқылы – 4, «Астана» әлеу­­мет­тік кәсіпкерлік корпора­циясы инвесторлар тарта оты­рып, 14 аялдама пай­да­лануға берілді. Жабық аял­дама­лық павильондар қаланың аял­дама бекеттеріндегі жолау­шы­лар ағынына талдау жүргізу негі­зінде жабдықталған. Ол жерде әлеу­меттік маңызы бар нысан­дар­дың (білім беру, денсаулық сақтау және т.б.) болуы да ескері­леді. Қазіргі уақытта басқар­ма­ның жабық павильондарды құру жоспары қарастырылмаған, өйт­кені бұл бағдарлама инвес­тор­­лар есебінен мемлекеттік-же­ке серіктесті тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Астана» ӘКК инвести­циялық жобасы аясында инвес­торлар есебінен аялдамалардың жабық күту павильондарын бөл­шек сауда орындарымен (12 бір­лік) жаб­дық­тау жоспарлануда. Интер­валды қысқарту кезінде аял­дамалардың жолаушылар сұ­ранысына толық жауап беретіні ескерілді, егер қажеттілік туын­даса, онда қосымша аялдамалар орналастырылады», – дейді Руслан Әбдуалиев.


Ал суықта тоңбасын деген оймен Хельсинки, Стокгольм, Осло, Рейкьявик сияқты қалаларда аялдамалардағы орындықтың өзі жылытылады екен. Айта кету керек, жылы аялдамалар ашық және жабық залдардан және сауда үшін бөлінген сектордан тұрады. Ашық залдан автобус бағыттары кестелері мен көліктің тоқтағанын көріп тұруға болады. 


Ал Ақтөбе жаңа үлгідегі аял­даманы сала алмай әлек. «Қазір шаһардағы барлық аял­даманы жаппай ауыстырып жатыр, әкім ауысқан сайын қа­ла­дағы аялдама да қоса өзгеретін үр­діс пайда болды» деп жазды ktk.kz сайты. Енді қаланың жаңа әкімі оны түгелдей өзгертуге тапсырма берген. Шенеуніктер­дің сөзінше, жаңа аялдамада жай­ланып демалуға болады. Ол үшін қазы­надан «бір тиын да кетпейді» деп отыр. Себебі аялдамаларды кә­сіп­кер­лер­ге жалға беріп, сол жерден сауда орнын ашуға рұқ­сат еткен. Ислам Ізбасқанов, Ақ­төбе қала­лық жер қатынас­та­ры, сәулет және қала құрылысы бөлімі бас­шы­сының орынба­сары: «Қыста жылы болады. Жаз уақытында кондиционер, су – бәрі тұрады. Осындай жабық павильон. Те­ледидар да бар», – дейді. Біреу барын жылыта алмай жатса, екіншісі салынып қойған аялда­маны бұзып әлек.   

Иә, жылы аялдама қыста жы­лы, жазда салқын болып тұрғаны жақсы. Бірақ халық игілігі үшін жасалған аялдамалардың шы­нысын шағатын жағдайлар орын алып тұратыны тағы бар. Жыл басында екі мас адам елордадағы Момышұлы мен Сәтбаев кө­шелеріндегі аял­дамаларды әдейі қиратқан бо­латын, олар ұсталып айыппұл тө­леді. Сонымен бірге Талдықор­ған қаласында жаңадан салынған смарт автобус аялда­масын қи­рат­қан бұзақы ұсталды. Осын­дайда қатты суықта жылы­нар жер ізде­ген халықтың па­налар жерін қиратып, ойына келгенін істеген­дерге ашынба­ғанда қай­тесің?! «Біреу тоңып секірсе, біреу тойып секіреді» деген осы ма дерсің. 

Әрине, жылы заманауи аял­дамалар әр қалада болғаны жақ­сы. Оған әрине қаражат пен ниет керек.