Тұрғындар ADAL партиясының  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсынысын қолдайды  
Тұрғындар ADAL партиясының  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсынысын қолдайды   
158
оқылды
Алматы қаласында ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Алина Асқарова, Ақмарал Бекмұрзаева, Олжас Ордабаев, Нұрлыбек Малелов, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Ләззат Шыңғысбаева, сондай-ақ партия өкілі Нұрлыбек Мұқановтың тұрғындармен кездесуі өтті. Сағат 11:00-де ADAL саяси партиясының кеңсесінде Алматы қаласының белсенді жастары мен Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары және студенттерімен онлайн жиын ұйымдастырылды. Спикерлер Алина Асқарова, Ақмарал Бекмұрзаева және Олжас Ордабаев болды. Кездесуге қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат алып, бірқатар өзекті мәселені талқылады. ADAL партиясыШара барысында Олжас Ордабаев білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты.
 «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап, мұғалімдердің жалақысын арттыру мәселесі өте өзекті күйінде тұр. Біз білім берудің барлық деңгейінде мұғалімдердің жалақысын арттыру мүмкіндіктері бойынша жұмыс істеуді жалғастырамыз. Бірақ бізге сіздердің көмектеріңіз керек! Біздің қатарымызға қосылып, сайлауда бізге дауыс беру арқылы ADAL партиясына қолдау көрсетіңіз», – деді Олжас Ордабаев.
Нархоз университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесуді депутаттыққа кандидат Нұрлыбек Малелов пен партия өкілі Нұрлыбек Мұқанов өткізді. Кездесуге қатысушылар партияның білім беру жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстарын да жоғары бағалады.  width=Үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары мегаполистің ірі базарлары мен сауда нүктелерінде жалғасты. Депутаттыққа кандидаттар Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев және Ләззат Шыңғысбаева шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Базар қызметкерлері ADAL  партиясының мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратты тыңдады.  Жұмыспен қамту және медициналық сақтандыру мәселелерінен қызу пікірталас туындады. Кездесу барысында тұрғындар партияның елдегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстарын қолдайтынын жеткізді.