Дәрігерлерді қолдауымыз керек
Дәрігерлерді қолдауымыз керек
133
оқылды
Шымкентте Қазақстан Халық партиясынан  Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Гүлайша Мүсілтаева өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиналғандар сапалы медицина, әлеуметтік төлемдер мен дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселелерін талқылады.
– Қазір күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда жұмыс істейтін біздің дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлер қаржылық қолдау шараларының жаңа пакетіне лайықты. Дәрігерлер мен санитарларды жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету жұмысын тоқтатуға болмайды, – деді кездесу барысында Гүлайша Мүсілтаева. дәрігерКандидаттың айтуынша, мемлекет қауіпті инфекциямен күресте алдыңғы қатарда жүрген және COVID-19 жұқтырған адамдармен байланыста болған барлық дәрігерлерге үстемақы төлеуі тиіс.
– Ел Президенті мемлекеттің денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындарын биылдан бастап ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін арттыру міндетін жүктеді. Әрине, бұл маңызды қадам. Бірақ бұл қаржы азаматтардың денсаулығын қорғауды тиімді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. ҚХП мүшелері  мемлекеттің медицинаға арналған шығыстарының көлемі тек қана ұлғаюын қамтамасыз етпек. Барлық дамыған елдерде мемлекет денсаулық сақтауға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан да осы жолды ұстануы керек, – деді Гүлайша Мүсілтаева.
Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікірін, шағымын айтты.