Елші болғандар арнайы зейнетақы алатын болды
Елші болғандар арнайы зейнетақы алатын болды
5,134
оқылды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Әлеуметтік төлем мемлекет қазынасынан төленеді. Зейнетақы мөлшері қазіргі Сыртқы істер вице-министрі жалақысының 20 пайызы, яғни 170 мың теңге. Зейнетақыға қосылатын үстемені алу үшін қазақстандық елшілердің жалпы еңбек өтілі 25 жыл болуы тиіс. Оның ішінде 15 жылын дипломатиялық органдарда қызмет етуі керек. Сонда ғана Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері атанып, 170 мың теңге ала алады.

Бұған мемлекеттен қаржы бөлінеді. Шығынды республикалық бюджет комиссиясы биыл 11 тамызда бекітіп берген.