Сарбаз 5 баланы өрттен құтқарып қалды

Сарбаз 5 баланы өрттен құтқарып қалды

Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі 5 баланы өрттен құтқарып қалды. Ұлттық ұлан әскери қызметшісі, ефрейтор Темірлан Әмірғазин азық-түлік дүкенінде тұрғанда төбеден сылақтары түсіп, желдету шахтасынан қою түтін шығып жатқанын байқайды.  Осыдан кейін  жауынгер дүкенге келушілер мен сатушыларға тез арада  далаға шығуын сұрайдыТүтін екінші қабаттан шығып жатыр екен. Сөйтсе бұл дүкен сатушысының пәтері екен. Жауынгер дереу өрт сөндіруші қызметке қоңырау шалып, үй иесімен бірге 3 бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып шықты.

«Дүкенде тұрғанда төбеден құлаған заттарды байқап қалдым, ал түтін шыққанда барлығымыз сыртқа шықтық. Дүкен иесі уайымдай бастады. Өйткені түтінденген пәтер оған тиесілі еді. Онда оның балалары болған. Дереу әлгі пәтерге көтеріліп, ішіндегі балаларды және көрші пәтердегі екі баланы сыртқа шығардық. Өрт сөндірушілер келгенше терезелерді ашып, электр құрылғыларды өшірдім», – дейді ол.