Биікке шарықтаған Димаш
Биікке шарықтаған Димаш

Димаш Құдайберген ресейлік «Вик­тория» сыйлы­ғының екі но­­ми­нациясын жеңіп алды. Елі­міз­дің мақтанышы «Жыл жа­ңа­лығы номинациясында же­­­­­ңім­паз атанды. Сонымен қа­тар Olimpico әні үшін «Клас­си­ка­лық музыкадағы вока­лист» аталымында үздік деп танылды. Бұл номинацияда Ди­маш ресейлік Ильдар Абдразаковты, Аида Га­рифуллинді, Хибла Герц­ма­ва­ны, Анна Нетребконы және Ольга Перетятконы жең­ді. Же­ңім­­­паздардың есімі 5 жел­тоқ­сан күні Мәскеудегі Кремль сарайын­да­ғы салтанатта жария­ланды.

Сыйлық жеңімпазы – Димаш Құдайберген қолдау көрсеткен ата-анасына, ресейлік композитор Игорь Кру­тойға ризашылығын біл­дір­ді. «Мұндай марапатқа ие болғаныма қуаныштымын! Алдымен маған дауыс берген ресейлік әріптестеріме, көрер­меніме осындай мүмкіндік бер­ген­деріңізге рақмет. Сіздерге ән салуымның өзі үлкен бақыт!» – деп қуанышымен бөлісті.

Сонымен әнші марапат бары­сында «Знай» әнін орындап, көрермен көңілін марқайтып салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаштың «Любовь уставших лебедей» әні «Жыл әні» номинациясына түскен. Оған қоса, Дима Биланның «Про белые розы»,  Александр Мар­шалдың «Хорошо», Нико­лай Расторгуев пен Алек­сандр Иванов секілді тағы басқа ән­ші­лер­дің алты әні бағын сынаған екен.


Мұнымен бірге бұл сый­лық­та «Үздік поп орын­дау­шы», «Ең үздік поп-топ», «Ең үз­дік  рок топ, рок орын­дау­ш­ы», «Классикалық му­зы­кадағы жылдың инстру­мен­­талисі», «Жылдың үз­­дік инструменталисі» но­­­­ми­нациялары бойынша же­ңім­­паз­­дардың есімдерін білеміз. Классикалық музыкадағы жыл­дың вокалисі», «Жыл ком­позиторы», «Жыл ақыны», «Фильм­ге немесе сериалға ар­нал­ған ең жақсы әуен», «Үздік хип-хоп артисі», «Қалалық ро­манстар», «Жылдың би хиті», «Үздік музыкалық бейне», «Жыл әні» және «Жыл концерті» номинациялары бойынша жеңім­паздар анықталды.

«Виктория» – жыл қоры­тын­­дысы бойынша өткен жылдың үздіктерін мамандар ғана таңдайтын Ресейдегі тұң­ғыш әрі жалғыз сыйлық. Ол мамандардың ішіне музы­кант­тар, орындаушылар, ком­по­зиторлар, ақындар, про­дю­серлер, музыка сын­шы­лары, жур­налистер кіреді. Оның негі­зін 2015 жылы Ресей музыка ака­демиясы қалаған.

Димаштың ендігі концерті 10 желтоқсан күні Нью-Йорк­те өтеді. Ал 2020 жылы әнші кон­церттік турмен әлемнің бір­неше елін араламақ. Мәсе­лен, 9 наурызда Мәскеудің «Мега­с­порт» алаңында концерті жос­парланған. Оның ішін­де Гер­­мания мен Чехия елінің Гам­бург, Дюссельдорф, Прага және Штутгарт секілді қалалары да бар. Концерт­тердің билеті саты­лымға шығып кеткен.