Полицейлер жүргізушілерді мерекемен құттықтады
Полицейлер жүргізушілерді мерекемен құттықтады
171
оқылды

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Аяз атаның киімін киіп, жүргізушілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мерекелік көңіл күй, амандық және қауіпсіздік тіледі.

Жүргізушілерге жол ережесін сақтап, жолдардағы келеңсіздіктердің алдын алуға не көмектесетінін еске салды. Мереке алдындағы қарбаласта  мұқият болып,  жол ережесін сақтау өте маңызды. Polisia.kz-тің жазуынша, Аяз ата жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратты. Жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы да ескертілді. Ертегі кейіпкері оларды мас күйінде көлікті басқарудан аулақ болуға шақырды.