Атыраулық театр – жеңімпаз

Атыраулық театр – жеңімпаз

Атыраулық жас артистер қойы­лыммен әлем сахнасын бағын­дырды. Испанияның Ллорет де Мар қаласында өткен Theatrical Talents халықаралық фестивалінде «Атырау жастар театры» бас жүлдені иеленді.

Оннан астам елдің өнерпаздары кел­ген байқауда «Атырау жастар театры» Мұқан­ғали Томановтың «Затмение» антидрамасын сахналады.

Жастар театры артистерінің қазақтілді қойылымы шығарманы тілсіз ұғынатын талғампаз көрерменнің жан дүниесіне жеткізе алды. Көрермен жас таланттардан қошеметін аямады.

Режиссердің ой еректігіне сөз берсек, ақ шеңбер мен қара шеңбер. Дөңгеленген жер шары. Құдайы көктен бастау алған шұбатылған ұзын ішек-нәресте кіндігімен бітіскен. Ана мен бала. Періште мен әуен. Дүниенің бастауын пәлсапалық тұрғыда көрсеткен туындыда анасынан мәңгілікке ажыраған кезде бала рухани күн тұтылуды бойынан өткізеді екен...

Санаға салмақ түсіретін, ой тереңіне жетелей түсетін антидрама бүгінгі қоғамда қандай жаратылысты да оңай көретін жандарды да толғандырмай қоймайды.

«Атыраулық жастар театры»-ның санаға салмақ салатын шығарманы жүректерге жеткізіп сахналауы әр елден келген театр таланттарын сүй­сіндіріп қоймай, бас жүлдеге лайық деп танылды.

– Театр мамандарын айтпағанда, әлемнің әр елінен келген кәсіби музыканттар мен хореографтар, продюсерлер мен сурет­шілер бағалаған байқау барынша әділ өтті деген сенімдемін, – дейді театр жетекшісі Әміржан Нұрланұлы.

Сонымен қатар қазылар төрағасы Марти Перафефер атыраулық жас та­лант­тарды FITAG-2020 фестивалінде бағын сынауға шақырса, «Фиесталония Миленио» ұйымының президенті Давид Джапаридзе   Италия, Франция, Грузия елінде өтетін фестивальдерге қатысуға ұсыныс білдірді.

Сайып келгенде, өнердің ғана өмір­шендігі дәлелденген сайын өнер дами берері сөзсіз. «Атырау жастар театры» алыс-жақын шет елдерде өнер көрсету үшін жаңа дүниені сахналауға ынтамен кірісіп кетті. Себебі олардың арманы асқақ.

 

Атырау облысы