«Құрбан болған тұлғалар»
«Құрбан болған тұлғалар»
268
оқылды

9 желтоқсан күні Мемлекеттік орталық музейде қазақ халықының үш бәйтерегі, сталиндік зобалаң құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың жыр құлагері, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, драматург Сәкен Сейфуллин мен әңгіме жанрының хас шебері, жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме ашылады.

«Тарихи деректерге сүйенсек, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам Кеңес аза­ма­ты репрессияға ұшырады. Осы кезеңде қазақ халқының 40 пайы­зы қаза тапты. Әсіресе, бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халық пен ұлттардың беткеұстар зиялы қауым өкілдері ұшырады. Бар өмі­рін қазақ халқының руха­ния­ты­на арнаған тұлғалардың 125 жыл­­дығына арналған іс-шаралар көп­­теп ұйымдастырылып жатыр», – дейді Мемлекеттік орталық музейдің өкілі Гүлсара Жапақова.

Көрмеге Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Май­лин­нің орталық музей қорындағы жеке заттары қойылады. Сонымен қатар келушілер назарына XX ға­сырдың алғашқы ширегіндегі зия­лы қауымның жұмыс каби­нетінің кө­рінісі мен Сәкен Сейфул­лин­нің жеке мөрі, алтын сағаты, порт­си­гары, саквояжы және басқа да заттары ұсынылады.

Көрмені Президент архи­ві, Орталық мемлекеттік мұ­рағат және «Ғылым ордасы» ор­талық ғылыми кітапханасы ұйым­дасты­рып отыр.