Отшашуды заңсыз сатқан дүкен сатушылары жауапқа тартылды
Отшашуды заңсыз сатқан дүкен сатушылары жауапқа тартылды
102
оқылды
Сарыағаш ауданында дүкен сатушыларының отшашуды заңсыз сатқаны анықталды. Түркістан облысының полицейлері “Пиротехника” іс-шарасын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz. Облыс көлемінде “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы тұста Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлерімен кезекті рейд жүргізу барысында Сарыағаш ауданында орналасқан екі бірдей дүкен сатушылары заңсыз отшашу құралдарын сатып жатқаны анықталды. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 196-бабы (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) бойынша хаттама толтырылып, толығымен өндіріліп алынды. Сонымен қатар сауда орындарының сатушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындар назарына, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндетті екенін ескертеді. Себебі отшашу кезінде адамдардың денсаулығына қауіп төнуі әбден мүмкін.