Шетелден келген 11 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Шетелден келген 11 қазақстандықтан коронавирус анықталды

2020 жылғы 29 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 11 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі. 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 258 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестісі бар (сау екені көрсетілген) 1 044 адам, анықтамасыз 214 Қазақстан  азаматы келді. Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 526 жолаушы, анықтамамен – 510, анықтамасыз - 16; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 469 жолаушы, анықтамамен - 286; анықтамасыз - 183; - Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 263 жолаушы, анықтамамен - 248; анықтамасыз - 15 адам келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 29 желтоқсанда анықтамасыз келген 212 азамат ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Шарм-Эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 11 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.