Жаңажылдық сыйлыққа бөлінген ақшаны әріптестерінің еміне берді

Жаңажылдық сыйлыққа бөлінген ақшаны әріптестерінің еміне берді

Павлодар облысы Аққулы ауданының тұрғындары жаңажылдық сыйлыққа бөлінген ақшаны науқастанып қалған әріптестерінің еміне берді, - деп жазады Pavlodarnews.kz.

Науқастанған әйел омыртқасына жасалған отадан кейін ұзақмерзімді оңалту шараларынан өтіп жатқан көрінеді.

"Александра Никитина бес жылдан бері Мәдениет үйінде еден жуушы болып істейді. Үш баласын жалғыз өзі асырап отыр. Өзі өте еңбекқор, жауапкершілігі жоғары адам. Біз оны бәріміз сыйлаймыз. Жаңа жыл қарсаңында кәсіподақ бөлген ақшаны оған табыстауды жөн көрдік. Үлкен қаражат болмаса да, жалғызбасты ананың бір қажетін өтеуге керек болар", - дейді Аққулы аулының Мәдениет үйінің директоры Самат Момынжанов.

  Бұл бастаманы ауылдың өзге де тұрғындары  да қолдады.