Шақыру пунктінен қашуға тырысқан жас жігітті полиция қызметкерлері ұстады. Оқиға 23-шағынауданның әскери комиссариатында болған, деп хабарлайды Lada.kz. Әскерге шақырылған бозбала автобусқа отыратын кезде қашпақ болған. Жігіт шақыру пунктінің қақпасынан өтіп үлгерген. Оның соңын ала әскери комиссариаттың екі қызметкері қуа жөнелген.
Біреуі абайсызда сүрініп құлаған. Қашқынды Ақтау полиция басқармасы патруль полиция батальонының «Сұңқар-9» экипажы қуып жетіп, жас жігітті әскери комиссариатқа аман-есен қайтарды. Кейін қашуға тырысқан сарбаздың әскери қызметке жіберілгені белгілі болды. Әскери қызметші оны вагонға дейін «қолынан жетектеп» кіргізді. Ал қалған жолаушылар бұл кезде туыстарымен қоштасып жатты.