Елордада мереке және демалыс күндері қоғамдық көлік жүреді
Елордада мереке және демалыс күндері қоғамдық көлік жүреді
100
оқылды
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сай, қалада және қала маңындағы бағыттарға автобустар қатынайды. Сағат кешкі 11-ге дейін қоғамдық көліктер жүреді. Тек экспресс-автобустар жолға шықпайды. Осыған орай қала әкімшілігі тұрғындарды санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық көлікке тек маскамен кіріп, электронды жүйемен ғана төлем жасау керек. Ал Алматыда автобустар мен метро қызметі тоқтамайды. Қоғамдық көліктер 1-4 қаңтар аралығы мен 7 қаңтарда демалыс күнгі кестемен, яғни таңғы 6-дан кешкі 11-ге дейін жұмысын жалғастырады.