Бүгін елдің солтүстігі мен шығысында боран соғады
Бүгін елдің солтүстігі мен шығысында боран соғады

Республика бойынша қар жауып, тұман түседі, көктайғақ пен боран болады.

«Қазгидромет» РМК сайты 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын хабарлады. Оған сәйкес елімізде ауа температурасы төмендегідей болмақ.

Нұр-Сұлтанда түнде -7, күндіз -1 мен +1 градус арасында

Алматыда түнде +4, күндіз +5 пен +7 градус арасында.

Шымкентте түнде +2, күндіз +9 бен +11 градус шамасында.

Аұқмола облысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, кейде 23-28 м/с жетуі мүмкін. Желдің ұйтқуы 30 м/с дейін болады деп күтілуде. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады деген болжам бар. Сынап бағанасы түнде -9-ды, күндіз 0 градустан -2 градусқа дейін көрсетеді.

Ақтөбе облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады деп күтілуде. Жел 15-20 м/с дейін күшейіп, желдің ұйтқуы 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде -2, күндіз 0 және +2 градус арасында болады.

Алматы облысында тұман мен көктайғақ күтілуде.Жалаңашкөл маңында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде +1, күндіз +3 мен +5 градус арасында.