Баландин АҚШ-та алтын алды
Баландин АҚШ-та алтын алды

Атлантада жүзуден АҚШ ашық чемпионаты жалауын көтерді.

Жарыста ел намысын Дмитрий  Баландин мен Әділбек Мусин қорғауда. Қазақстандық олимпиада чемпионы 100 метрге брасс әдісімен жүзуден алдына жан салмады. Ол бұл қашықтықты 59,36 секундта бағындырған.

Мәреге екінші болып американдық Андрю Уилссон жетті. Оның уақыты 59.54 секундты құрайды. Қолаға тағы бір АҚШ спортшысы ие болды. Коди Миллердің көрсеткіші 59.92 секунд.