Нұрлан Нығматулин: 2021 жыл жаңа жетістіктер мен табыстар әкелсін!
Нұрлан Нығматулин: 2021 жыл жаңа жетістіктер мен табыстар әкелсін!

Ол өзінің мерекелік құттықтауын Twitter парақшасында жариялады.

 «Құрметті достар! Жаңа жыл құтты болсын! 2021 жыл жаңа жетістіктер мен табыстар әкелсін! Сіздерге зор денсаулық, әр отбасыға амандық және бақыт, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін!» - деді Нұрлан Нығматулин.

Cонымен қатар Мәжіліс Төрағасы қазақстандықтар 2020 жылдың сынақтарынан бірлік пен қолдаудың арқасында өткенін атап өтті. Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин еліміздің одан әрі дамып, алға қойған барлық мақсатқа қол жеткізетініне сенім білдірді.