Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қатты аяз болады
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қатты аяз болады
103
оқылды

Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде Солтүстік антициклонның ықпалы әлі де бар.

Өткені ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз өтеді. Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығысы және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты сол аймақта қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман басып, жел күшейіп, бұрқасын қар күтілуде. Әсіресе, бұл ызғар Шығыс Қазақстан облысы мен Түркістан облысында қатты сезілуі мүмкін.

Ал Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Манғыстау облысының кей жерінде жел күшейеді. Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерде қатты аяз болуы ықтимал.