Nur Otan дәрі бағаларына үнемі мониторинг жасап отырады
Nur Otan дәрі бағаларына үнемі мониторинг жасап отырады

Қостанай қаласының №59 дәріханасында Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлмира Қапенова үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндіріп, 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

– Біз дәрі-дәрмектің шекті бағасын, медициналық қызмет көрсету сапасын, фармацевтикалық препараттармен қамтамасыз ету жұмыстарын және дәрі-дәрмектерді халыққа жеткізу сияқты мәселелерді көтереміз. Бұл мәселелерді үнемі бақылауда ұстаймыз. Біздің партиялық бақылау комиссиясы дәріханалардағы дәрі бағаларына үнемі мониторинг жасап отырады, – деді дәріханаға келушілермен тілдескен Гүлмира Амангелдіқызы. Әрбір тұрғынмен әңгімелесу барысында кандидат сайлауда өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге және Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.