Волонтерлер 7 мыңнан астам балаға жаңажылдық сыйлық үлестірді
Волонтерлер 7 мыңнан астам балаға жаңажылдық сыйлық үлестірді
145
оқылды

Атыраудағы волентерлер штабы «Шын жүректен» акциясы өткізіп, ерекше балалардың отбасына жаңажылдық 7 мыңдай сыйлық таратты.

Волентерлер штабының жетекшісі Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, бұл акцияға облысы әкімдігі қолдау білдірген. Сөйтіп, балаларға арналған сыйлықтар аудандық әкімдіктер мен мектеп әкімшіліктері арқылы таратылды.

«Қазір облыста 4 мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін бала бар. Жаңа жыл қарсаңында сондай балалардың отбасындағы барлық балаға да сыйлық беру ұйғарылды. Осы мақсатта 7 мыңнан астам сыйлық үлестірілуде. Біздің басты көмекшіміз – еріктілер штабы. Қайырымдылық акциясын жалғастыру арқылы әр балаға қуаныш сыйлауды көздедік», - дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.