Енді миллондай адам зейнетақы жинағын пайдалана алады
Енді миллондай адам зейнетақы жинағын пайдалана алады
5,107
оқылды
Бұл ретте «Отбасы банк» бірыңғай оператор қызметін атқарады. Қаражатты пайдалану үшін зейнетақы қорының салымшылары ең алдымен өз жинағы туралы мәліметті білуі тиіс. Оны Электронды үкімет порталы немесе мобильді қосымшалар арқылы анықтауға болады. Осы бастама аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2,4 трлн теңгені тұрғын үй алу, емделу және капиталды басқару компанияларына беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар сирек кездесетін аурулардан емделу, диагностикадан өту, стоматологиялық және онкологиялық аурудан емге арнайы қаржы бөлінеді. Зейнетке шыққандар да шекті сомадан асқан қаржыға қол жеткізе алады. Мұндай азаматтар саны ел бойынша 170 мыңға жуық екен. Ең бастысы, зейнетақы қорындағы есепшотта шекті сома қалуы шарт. Шекті сома әр жастағы адам үшін әртүрлі. Сондай-ақ жинақтың бір бөлігін алғанда бюджетке табыс салығы төленуі тиіс. – Пәтер алғанда екінші нарықтан алуға болады. Застройщиктен де. Екінші сұраққа келгенде туыстарына өтініш жазып, олардың жинағын алуға болады. Сосын құжаттарды жіберу керек. Біз оны тексереміз. Өтінішті арнайы онлайн платформада электронды негізде қалдырды. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. «Отбасы банкінде» арнайы жаңа есепшот ашылады. Ресми ресурста қаржыны қолдану мақсаты таңдалып, тиісті құжаттар жүктеледі. 45 күннің ішінде салымшыға жауап келеді, –  деді Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.