«Қара майорға» ескерткіш қойылды
«Қара майорға» ескерткіш қойылды
199
оқылды

Арнайы жасақ Борис Керімбаевтің есімімен аталды.

Алматыдағы әскери бөлімдердің бірінде «Қара майор» атанған Борис Кеімбаевтің құрметіне арналған ескерткіш тақта орнатылды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Салтанатты шараға бөлім командирлері мен жеке құрамы, арнайы жасақ ардагерлері мен батырдың жары қатысты. Ол сөйлеген сөзінде әскери бөлімге Борис Керімбаевтың есімін беруді зор құрмет деп санайтынын, бүгінгі қуанышындашек жоқ екенін жеткізді. Полковниктің жұбайы өз ойын «Әрине, жрымның қазасы менің ғана емес, қазақ елінің қабырғасын қайыстырғанын сеземін. Ол сарбаздарға нағыз ұстаз бола білген жан. Барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт тілей отыра осындай құрметті атауға ие болуларыңызбен құттықтаймын», – деп түйіндеді.

Қорғаныс министрінің 4 қыркүйек күнгі бұйрығымен еліміздің әскери барлау қызметіне сіңірген еңбегі үшін арнайы жасақ отрядына Борис Керімбаевтың есімі берілді.