Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен Павлодар облысы Розовка ауылының тұрғыны екен.
«2021 жылғы 31 желтоқсанда сағат 00.19-да пиротехникамен жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті. 1956 жылы туған әйел оң жақ көзін жарақаттап алды. Оның көзіне салют жарықшағы түскен», - делінген ведомствоның хабарламасында. Зардап шегуші облыстық аурухананың көз бөліміне жатқызылды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Дәрігердің айтуынша, әйел жеңіл күйік алған.