35 жыл бойы құжатсыз жүрген әжей
35 жыл бойы құжатсыз жүрген әжей
129
оқылды

Түркістан облысы Шардара ауданында 35 жылдан бері құжатсыз жүрген тұрғын куәлік алды. Бұл жайында Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шардара аудандық Полиция бөлімінің Көші-қон қызметі құжатсыз тұрып жатқан азаматтарды анықтап, оларға жеке басын анықтайтын жеке куәліктерін дайындап берген болатын. Соның ішінде азаматтығы жоқ тұрғын Аташ Баянова – осыдан  68 жыл бұрын Өзбекстанда туған. 35 жасында отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келген. Алайда отбасылық жағдайына байланысты барлық құжатын жоғалтып, төлқұжатын осы уақытқа дейін алмапты.

Аталған жайтқа байланысты Шардара АПБ-нің қызметкерлері КҚҚТ-мен бірге Аташ Баяноваға қатысты іс-құжаттарын жинақтап, тиісті шараларды жүргізді. Тәртіп сақшылары біршама жұмыстарды тез арада аяқтап, жергілікті тұрғынды ҚР азаматтығы жоқ тұлғаға берілетін куәлігімен құжаттандырды.