450 ауылды елді мекен мәртебесінен айырмақ
450 ауылды елді мекен мәртебесінен айырмақ
147
оқылды

Тұрғындар саны 50-ге жетпейтін ауылдар көрші елді мекеннің құрамына кіруі тиіс.

Аталмыш норма «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заңда көрсетілген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасай отырып Каз ТАГ хабарлады.

Сондай-ақ мекемеде статистика комитетінің мәліметіне сүйене отырып 103 ауылдың тұрғындар саны 10 мыңнан асып кеткенін де жеткізген. Мысалға Маңғыстау облысындағы 40 мың тұрғыны бар Атамекен ауылы мен Ақмола облысындағы 35 мың адам тұратын Қосшы ауылын келтіреді.