Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғайды
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғайды
164
оқылды
2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қазақстандық әйелдер зейнетке ерлер сияқты 63 жасында шығады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан әйелдердің зейнет жасы 60 жасқа дейін ұлғайды Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады.
  • 2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;
  • 2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;
  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;
  • 2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында зейнетке шығады.
Ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады. Десе де, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.