Садриддин Ахмедов титулдық жекпе-жек өткізеді
Садриддин Ахмедов титулдық жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін қаңтарда өткізеді,– деп хабарлайды Prosports.kz сайты. «Сарбаз Q» 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнаваке қаласында өтетін бокс кешінде нидерланд спортшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жұдырықтасады. Екі боксшы бірінші орта салмақтағы WBA Continental титулын сарапқа салады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 7 желтоқсанында Монреальда (Канада) өткізген. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты нокаутқа жіберді. Қазіргі уақытта Садриддин Ахмедов WBC тұжырымының екі белбеуіне ие - жастар арасындағы әлем чемпионы және ересектер арасындағы Азия чемпионы.