Алдағы күндері Қазақстанның үш өңірінде 40 градус аяз болады
Алдағы күндері Қазақстанның үш өңірінде 40 градус аяз болады
5,124
оқылды
Еліміздің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды  Қазгидромет. 2 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оралда ертең түнде және таңертең тұман күтіледі. 2-4 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шымкентте 2-4 қаңтарда кей уақытта тұман түсуі мүмкін. Түркістан қаласында 2-4 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады. 2 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 2-3 қаңтарда түнде Ақмола облысында минус 32-37, кей жерлерде -42 градусқа дейін қатты аяз болады. Сонымен қатар 2-3 қаңтарда Павлодар облысында да 35-40 градус аяз болып, кей жерлерде -43 градусқа жетуі мүмкін. Қарағанды облысында да 32-37, кей жерлерінде -42 градусқа дейін аяз күтіледі.