Алматы автобусында қалта ұрысы ұсталды
Алматы автобусында қалта ұрысы ұсталды
5,298
оқылды

Ұрыны қолға түсірген оқушы төрт телефонды иесіне қайтарған.

Алматыда автобуспен үйіне қайтып бара жатқан оқушы қалта ұрысын ұстап алды. Бұл туралы оның анасы Facebook парақшасында жазған. «Ұлым автобуста мектептен қайтып келе жатқан. Бір кезде біреу қалтасын ақтарып жатқанын сезеді. Дереу ұрының қолынан шап берген. Нәтижесінде киімін жыртып алды.», – деп жазады Шынар Жәнібекова.

Оның айтуынша, жүргізуші бірден автобусты тоқтатып, жағдайға араласқан. Баланың айтқанын ескеріп, ұрының қалтасын тексереді. Табылған 4 ұялы телефон сол автобус жүргіншілеріне тиесілі болып шыққан. Олар өз заттарын жазбай таниды. Жазба соңында азаматша желідегі достарына абай болуға кеңес береді.